Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы карикатуралар байқауы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен арттыруға бағытталған 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Нұр Отан» партиясы «Жемқорлығы жоқ ел-гүлденген ел» жобасын іске қосты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы карикатуралар байқауын жариялады.

Сайысқа 18 пен 29 жас аралығындағы ҚР азаматтары, жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар мен креативтік студиялар қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін арнайы өтініш жіберіп, аталған тақырыптағы материал әзірлеу қажет. Атап айтқанда, шығармашылық жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерге қатысты әртүрлі бағыттарға, жемқорлыққа қарсы іс-әрекет пен оның алдын алу тәсілдерімен, жемқорлық көріністерінің пайда болу себептерін талдау және оны болдырмау үшін моралдық ұстанымдарды кеңінен насихаттауға байланысты болуы қажет.

Шығармашылық жұмыстардың электронды немесе қолдан жасалған нұсқалары қабылданады. Карикатураның электронды нұсқасы 1:1 масштабында,  JPEG/TIFF форматында жасалған және 300 dpi-дан кем емес кеңеюі болуы тиіс, қолмен жасалған жағдайда плакат А3 форматындағы парақта әзірленуі қажет. Плакатты жасауда қолданылған сурет пен компьютерлік графика міндетті түрде авторлық болуы тиіс.

Үздік жұмыстар дипломдармен, ақшалай және құнды жүлделермен, марапатталады. Байқаудың жалпы сыйақы қоры 300 000 теңгені құрайды. Бірінші орын алған жеңімпаз 120 000 теңге, екінші орын - 100 000 теңге, үшінші орын - 80 000 теңгеге ие болады.

Байқауға қатысатын жұмыстар 2015 жылғы 20 қыркүйекке дейін [email protected] электронды мекен-жайға немесе «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратына (Астана қаласы, Қонаев көшесі 12/1, 1-қабат, 104-кабинет, Партиялық бақылау қызметі, тел. +7(7172) 707-609) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы карикатуралар байқауы» белгісімен ұсынылады.

Байқау қорытындыларын ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін шығару жоспарланған. Байқау ережесі және жан-жақты ақпаратпен www.nurotan.kz (http://nurotan.kz/kz/news/10688 ) сайтында танысуға болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram