Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро жобалау кеңсесін таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында жобалау кеңсесі ашылды. Аталған кеңсенің жұмысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы штабының жетекшісі Хәкім Қошқалиев БАҚ өкілдеріне таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро жобалау кеңсесін таныстырды

«Өздеріңіз білетіндей, қазір мемлекеттік органдарды трансформациялау процесі жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр. Сол себепті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы да бұл бағытта белсенді жұмыс атқаруда. Бұрын хабарлағанымыздай, ағымдағы жылы қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш жылдық дамуының Жол картасы бекітілген болатын. Құжат орган қызметінің барлық бағытын түбегейлі әрі іс жүзінде заманауи өзгертуге бағытталған. Бұл - кадр саясатын жетілдіру, ішкі процестерді орталықтандыру және ішкі процестерді цифрландыру, органның ашықтығы және клиентке бағдарлануы, халықаралық ынтымақтастықты күшейту, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік», - деді ол.

Оның айтуынша, жол картасы аясында 15 жобаны іске асыру жоспарланған. Ал олардың тиімділігі, көп жағдайда, адами ресурстарға және осы жұмысты дұрыс ұйымдастыруға байланысты.
null

«Сондықтан агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Ұлттық бюрода жобалау кеңсесін ашу туралы шешім қабылдады. Оның ең басты мақсаты - жол картасын сапалы іске асыру және орган қызметіне жобалау тәсілдерін енгізу болып табылады. Біздің кеңсе ғимараттың 5 - қабатында орналасқан. Экранда бөлмелердің дизайнын толық көре аласыздар, олар көгілдір-ақ стильде орындалған. Бұл түстер ашықтықтық, мақсаттылық, тазалық және айқындық мағынасын блдіреді», - деді Х.Қошқалиев.

Штаб жетекшісінің атап өтуінше, жобалау кеңсесі «open space» ашық кеңістік қағидаты бойынша жасалған. Онда, тиімді қарым-қатынас жасау үшін қандайда бір кедергілер, оның ішінде қабырғалар жоқ. Жалпы барлық көршілес кабинеттер әйнектермен бөлініп, біркелкі стильдегі кабинеттерге өзгертілген. Бұл жұмыс орындарын оңтайландырды және бөлім қызметкерлерін бір жерге шоғырландыруға мүмкіндік берді.

«Жобалау кеңсесінің логотипі 4 әріптен тұратын ASPO аббревиатурасы түрінде ұсынылған, Anti-corruption Service Project Office (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жобалық кеңсесі) ретінде түсіндіріледі. Алғашқы екі әріп көк түсте орындалған, ол мақсатқа ұмтылу, ұйымдасу және жауапкершілікті бейнелейді. Сонымен қатар, көк түс адам ойын маңызды мақсаттарға шоғырландыруға, алынған ақпаратты талдауға, ымыраға келуге көмектеседі. Логотиптің екінші бөлігі сұр түсті. Ол шыншылдықты, ақыл-ой мен үйлесімділікті бейнелейді», - деді ол.

null