Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ - дөңгелек үстел

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Департамент басқармалары мен құрылымдық бөлімше басшыларының, құқық қорғау органы қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайластықтың алдын алу, оны болдырмау мақсатында құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу бағытында «Мемлекеттік қызметкерге сыбайластыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Дөңгелек үстел барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша сыбайластықтың мінездемесі мен түсінігіне тоқталып, «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы мен «Еңбек Кодексіне» енгізілген өзгерістермен таныстырды. Аталмыш шара Департамент қызметкерлері тарапынан қойылған ұтымды сауалдарына құқық қорғау өкілдерінен тұжырымды жауап алып, пікір алмасумен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар