Сыбайлас жемқорлықпен барлық мемлекеттік орган бірдей күресуі керек – Агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдула елордалық шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жұмыстарын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мемлекет басшысы айтып өткендей, «Мемлекеттік органдар бастама танытпайды, жауапкершіліктен тайқақтап, қағазбастылыққа салады». Жемқорлықтың жолын кеспей, онымен күрес тиімсіз», - деді Ш. Қабдула елордадағы мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиын барысында.

Оның айтуынша, мемлекеттік орган басшыларының жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары көпшілікке көрінбейді.

«Біздің агенттікке Мемлекет басшысын белсенді емес және жемқорлықпен күресте нақты бастамасы жоқ басшылар туралы ақпараттандыру тапсырмасы берілді. Бұл барлық мемлекеттік қызметшілер үшін дабыл. Яғни, барлық мемлекеттік органдар мен әрбір мемлекеттік қызметші жемқорлықпен теңдей күресуі керек», - деді ол.

Агенттіктің төраға орынбасарының мәлімдеуінше, мемлекеттік органдардың өкілдері жемқорлық тәуекелдерін ішінара анықтауы тиіс.

«Аяқталмаған істі анықтау тек агенттіктің құзыретіне ғана жатпайды. Жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын өздеріңіз жүргізіп, қызметкерлерге зардабын тигізбей, тәуекелдің алдын алуға қатысты оңтайлы шешім қабылдауларыңыз керек. Бұл жұмысты қазірден қолға алу қажет. Биылғы жылдың 8 айы өтті, ал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жұмыстарын қалалық әкімдікке қарасты тек қана 5 басқарма жүргізген. Қалғандарына бұл жұмыс керек емес секілді», - деді Ш. Қабдула.


Соңғы жаңалықтар