Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Екі ЖШС-ның лауазымды қызметкеріне ірі көлемде айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Байкен-U» ЖШС сатып алу және бизнес әкімшілендіру департаментінің басшысы А. Құмарбек пен «М Транс-Строй» ЖШС директоры А. Шестопаловқа ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Ағымдағы жылғы 28 наурызда «Байкен-U» ЖШС сатып алу және бизнес әкімшілендіру департаментінің басшысы А. Құмарбек пен «М Транс-Строй» ЖШС директоры А. Шестопаловқа қатысты айыптау үкімі шығарылды, оларға сәйкесінше 30 миллион және 45 миллион теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, А. Құмарбек алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылса, А. Шестопалов жұмыстарды сатып алу туралы шарт бойынша ақша қаражатын кедергісіз аударғаны үшін 2 250 000 теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар