Сыбайлас жемқорлықпен күрес өз қатарымызды тазалаудан басталады - Қаржы полициясының жаңа төрағасы Р.Түсіпбеков

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Баспасөз мәлімдемесі: Қаржы полициясы агенттігінің жаңа төрағасы бизнесті негізсіз тексеруді және мемлекеттік қызметкерлерді шетінен сыбайлас жемқорлық жасады деп айыптауды тоқтатуды талап етті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес өз қатарымызды тазалаудан басталады - Қаржы полициясының жаңа төрағасы Р.Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін аталмыш Агенттіктің ұжымына жаңа төраға - Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы таныстырылды.

Р. Түсіпбеков, бәрінен бұрын, Қазақстан Республикасының Президентіне артып отырған жоғары сенімі үшін алғысын білдірді және өзінің барлық білімі мен тәжірибесін жүктелген міндеттерді орындауға жұмсайтынын атап өтті.

Елбасы барлық мемлекеттік органдардан экономикалық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа қатер туғызатын сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикамға қарсы ымырасыз және қатаң күрес жүргізуді талап етеді. Сондықтан, төрағамен қаржы полициясы қызметкерлерінің алдында заңбұзушы кәсіпкерлер мен шенеуніктердің бюджет қаражатын талан-таражға салу, заңсыз жолмен табылған табыстарды заңдастыру және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің жолын кесу, заңсыз қоғамдық бірлестіктерді, экстремистік және террористік ұйымдардың деструктивтік қызметін сырттан және ішкі қайнар-көздерден қаржыландыру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша міндеті қойылды.

Агенттіктің жаңа төрағасы орта және шағын бизнеске қатысты негізсіз тексерулерді және мемлекеттік қызметкерлерді шетінен сыбайлас жемқорлық жасады деп айытауды тоқтатуды талап етті. Р.Түсіпбеков, егер орта және шағын бизнес елдің экономикалық негізі болса, мемлекеттік қызметкер мемлекеттің тірегі екендігін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес өз қатарымызды тазалаудан басталады, ал өз қызметтік уәкілеттіктерін пайдақорлық мақсатта одан әрі де заңсыз баюы үшін қолдануға ниетті қызметкерлерге қаржы полициясында орын жоқ», - деді Р.Түсіпбеков.

Қаржы полициясы органдарының нәтижелері ретінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі, кәсіпкерлік субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделдерін қорғау, азаматтардың қаржы полициясы органдарына деген сенімін арттыру белгіленді.

Өз сөзін қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбеков, қаржы полициясы органдарының қызметкерлері Президенттің сенімін ақтайтынына сенімін білдірді.