Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Павлодарда «Қазпошта» АҚ директорының орынбасары сотталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Биылғы 5 шілдеде Павлодар қаласы сотының үкімімен «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Павлодарда «Қазпошта» АҚ директорының орынбасары сотталды

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол филиалдың автошаруашылығы аумағында автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым өкілінен 2 млн теңге сомасында пара алды.

Сотталған адамға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.