Сыбайлас жемқорлықпен күрес тиісті деңгейдегі нәтижесін бермей отыр - Р. Мұқашев

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары тиісті деңгейдегі нәтижесін бермей отыр. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын талқылауға арналған эксперттік кездесу барысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев осылай мәлім етті.
None
None

Комитет төрағасының айтуынша, сыбайлас жемқорлық құбылысы мемлекеттік билік қызметіне халықтың сенімділігін жоғалтады. Сондықтан да, осынау әлеуметтік құбылыс ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. «Сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты елімізде негізінен оған қарсы тұрудың басты құқықтық-ұйымдастырушылық әрекеттері қамтамасыз етілді. Сөзсіз, негіз құраушы заңнама нормалары да баршылық, олар ұдайы жетілдіріліп, толықтырулар мен өзгерістер енгізілуде. Дегенмен, солай бола тұра біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тиісті деңгейде күтілетін өз нәтижесін бермей отырғанын да мойындауымыз керек», - деді Рахмет Мұқашев.

Оның айтуынша, әлеуметтік құбылыс та, проблемалар да баршылық. Олар белгілі бір деңгейде шешіліп те жатыр. «Алайда бұндай құбылыстармен күресте қандай да бір нәтижеге қол жеткіздік деп айтуға әлі де ертерек. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша құқықтық тетіктер кейбір жағдайда халықаралық құқықтың талаптары мен нормаларынан біршама кейін қалып отырғанын да мойындауымыз керек. Бұл түптеп келгенде жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділік деңгейін де төмендетіп отыр», - дейді комитет төрағасы.

Соңғы жаңалықтар