Сыбайлас жемқорлықпен күресудің стратегиясы талқыланады
АСТАНА. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат – Астанада ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында сәуірдің 28-інде «Сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиясы: проблемалар мен басымдықтар» тақырыбында халықаралық конференция өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының қолдауымен өткізілетін бұл шараға Президент Әкімшілігінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ЕҚЫҰ сарапшылары, сенаторлар, мемлекеттік органдардың басшылары, Жоғарғы сот пен жергілікті соттардың судьялары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Ресейдің Сібір мемлекеттік қызмет академиясының ректоры Евгений Бойко қатысады.