Сыныптама кодтары санын қысқарту мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүктемені азайтады - МКК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бюджеттік сыныптама кодтарын (БСК) қысқарту мемлекеттік органдардың және мәліметтер базасының ақпараттық жүйесіне жүктемені азайтуға көмектеседі, деп атап өтті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінде.

Сыныптама кодтары санын қысқарту мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүктемені азайтады - МКК

Бұл туралы primeminister.kz жазады.

«БСК қысқаруы негізінен халық және бизнес үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге оң әсер береді, сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру ақпараттық жүйеге жүктемені азайтады», - делінген хабарламада.

МКК-де атап өткендей, бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы ҚР Қаржы министрінің бұйрығында бюджеттік сыныптама кодтарын қысқарту бойынша шаралар қарастырылған.

Нәтижесінде салық және кеден төлемдері бойынша 208 БСК-дан 119 БСК-ға қысқарды. Салықтық төлемдер бойынша 162 БСК-дан 98 БСК-ға қысқарды (60,5%), 64 БСК сақталады. Кедендік төлемдер бойынша 46 БСК-дан 21 БСК-ға қысқарды (45,7%), 25 БСК сақталады.