Сыр бойында мүгедектер турнирі болып өтті

Облысымызда «Жігер» қоғамдық бірлестігі осындай игілікті істерді атқаруға ұйтқы болып келеді. Бірлестік мүшелерінің айтуынша, спорт арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдағы өз орнын табуға мүмкіндігі зор.
Жарыс бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өткізілді. Олардың арасында үздік көрсеткішке қол жеткізген спортшылар жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, пауэрлифтингтен жігіттер арасында Ерболат Әлімбетов (55 кг.), Айбек Әбжанов (65 кг.), Қайрат Құлжанов (75 кг.) пен Алексей Цой (85 кг.) өз салмақтарында чемпион атанды. Ал қыздар арасында Кабира Асқарова (52 кг.) мен Райля Қорғанбаеваға (60 кг.) тең келерлік ешкім болған жоқ.
Армреслингтен ерлер арасында Мұхтар Қамысбаев, Айбек Әбжанов, Алмат Манабаев, қыздар арасында Райля Қорғанбаев, Райхан Темірғазиева жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.