Сыр бойында жылыжайлар жүйесі нығайып келеді

ЗЫЛОРДА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында соңғы жылдары жылыжайлар жүйесін қалыптастырып, нығайтуға айрықша көңіл бөлініп келеді,
None
None

деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда аймақта 3 гектар алқапты алып жатқан 50 жылыжай бар. Жыл соңына қарай олардың қатары тағы да екеуге ұлғайды. «ЖанРосс ХХІ ғасыр» өндірістік кооперативі Арал ауданынан жалпы аумағы 0,4 гектар жерді алатын 2 жылыжайды пайдалануға берді. Құрылғанына әлі жыл тола қоймаған бұл кооператив қысқа мерзім ішінде кең көлемдегі жұмыстарды жүзеге асырып үлгерді. Соның бастысы, оның «Тыңайт­қыш сығындысын өнді­ру және жылыжай шаруашы­лы­ғын ұйымдас­тыру» жобасы об­лыс­тағы инвестициялық жоба­лар қатарына енгізілді. Бұл жо­ба­ның жалпы құны 110 млн. теңге. Оны қаржыландыруды кооперативтің жеке өзі жүзеге асырып отыр.

Кооператив жобасының не­гіз­гі мақсаты ауыл шаруашы­лығы саласына қажетті сапа­лы тыңайтқышты өндіру мен оған сұраныс жасау­шы құрылым­дарды толықтай қамта­ма­сыз ету. Сондай-ақ, ол осы тыңайтқыш­ты өндірумен қатар жылыжай шаруашы­лы­ғын дамытуды да қолға алды.

- Соңғы жылдары адамзат жерді бел­сен­ді пайдалана оты­рып, оған көп мөлшерде химия­лық тыңайтқыштарды құйды. Зиян­кес­термен күресуде пести­цид­терді пайда­лан­ды. Мұның барлы­ғы экологиялық жағ­дайды төмен­детіп жіберді, - дейді коо­пе­ратив төрағасы Бақытжан Қосжанов. - Бұ­дан шығатын қо­рытынды, біз топырақтың құнарлылығын арт­ты­рамыз деп оны одан сайын нашарлатып жатқанымызды аң­ғар­­май қала­ты­нымыз бар. Осы жайтты, яғни топырақтың табиғи тепе-теңдігін қалпына келтіруді ойластырған Ресей ғалымдары осыдан 15 жыл­дай уақыт бұрын оның ше­ші­мін тапты. Сөйтіп, өсімдік­тер­ге арнал­ған сұйық био­ор­га­ни­ка­лық құ­нар­ландырғыш «Жа­сыл өріс» сіріндісін ойлап тапты. Біз өндірістік мақсатқа осы препаратты енгізуді жүзеге асыр­дық. Оған Жамбыл облысы жер және өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты зерттеу жүргізіп, сы­нақ­тан өткізді. Сөйтіп, оған оңды бағасын берді.

Біздің өңір үшін жаңа әрі тың жобаға қол­дау танытқан Арал ауданының басшы­лығы коопера­тивке бір гектар жер бөлгізді. Қазір бұл жерден ты­ңайтқыш өндіретін өндіріс орны мен екі жылыжай құрылысы салынуда. Бір көңілге қонымды­сы, коопе­ра­тив био тыңайт­­қыш­ты өндіруге қажетті шикізатты сырттан іздеп әуре болмайды. Оған мал көңі мен құс саңыры­ғын, тамақ пен қағаз қалдық­та­ры секілді пайдаға жа­рам­сыз заттарды пайдаланады. Яғни, жарам­сыз дүниелерді кәдеге жаратады. Осы мақсатта ол жи­нал­ған заттарды арнайы жа­сал­ған жалпы аумағы 400 шар­шы метр болатын алты ыдысқа салып, оған калифор­ниялық жауын құртты жібереді. Қалдық­тар­ды жеген бұл құрттың денесі арқылы таза тыңайт­қыш алына­ды. Ол арнайы қондырғы арқы­лы өңделеді. Осы тыңайтқыш гумус, оның ішінде сұйық түрі, қара топырақ және технология­лық құрт болып төртке бөлінеді. Бұл тыңайтқыштың ерек­шелігі ол егін шаруашылығында арам­шөп­ті өсірмейді әрі зиянкес­тер­ден қорғайды. Сондай-ақ, өнім­нің өсіп-жетілуін 10-15 күнге жеделдетіп, оның өнімділігін 50-60 пайызға арттырады. Ал ең бастысы, ол жер құнарлылығын қал­пына келтіріп, жақсартады. Сонымен қатар ол шетелден әкелінетін органикалық тыңайт­­қышқа қара­ғанда екі есе арзан­ға түседі. Айта кету керек, Ресей­мен тығыз байла­ныс орнатқан кооператив осы тыңайт­қышты өндіріп, өңдеуге қажетті құрал-жабдықтар мен технология­лар­ды және жауын құртын осы елден алады.

Бүгінде тыңайтқыш өндіруді қолға алған кооператив сол өнім­мен көкөніс өсіру мақса­тында жалпы құны 17 млн. теңге­нің екі жылыжай құрылысын салуда. Бұл құрылысты жүргізіп жатқан Оң­түстік Қазақстан об­лы­сының «Жеміс ЛТД» ЖШС санаулы күндерден кейін оның алғаш­қысын пайдалануға бер­мек­ші. Жалпы, кооператив жаңа өндіріс орны мен жылыжайға бүгіннің өзінде жергілікті жерден 60 адамды жұмысқа тартқан. Осы маман­дардың білімін жетіл­діру мақса­тында ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекет­тік универ­си­­тетінің жылыжай кешенінде тәжірибеден өткізсе, ал өндірістік технологтарды Ресейде оқытуды жүзеге асы­руда.

Сонымен, өндірісті өркенде­тіп, көкөніс өсіруге бет бұрған коо­ператив алдағы уақытта жылыжай шаруашылығын бір гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Соның бастысы, топырақ құнарлылығын арттыруға зейін қойып отырған кооператив Арал өңірінің эколо­гия­лық ахуалын жақ­сар­ту бағы­тындағы жұмыс­тарды жандан­дыра түспекші.

Соңғы жаңалықтар