Сыр бойының кәсіпкер қыз-келіншектері бас қосты (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында аймақтың кәсіпкер қыз-келіншектерінің басын қосқан Іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметінен.

Сыр бойының кәсіпкер қыз-келіншектері бас қосты (ФОТО)

Палата директорының орынбасары Бақытжан Әбиев кеңестің маңыздылығына тоқтала отырып, қазіргі «экономиканың ерекше кезеңінде» бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Мұнан өзге, кеңес отырысында 2016 жылдың мақсат-міндеттері талқыланып, кеңес құрамы толықтырылды.

Айта кету керек, облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы - аймаққа белгілі бизнес-жаттықтырушы, кәсіпкер Жанна Аманова.

Іскер әйелдер кеңесінің мақсат-міндетіне өз ісін жаңа бастаған қыз-келіншектерге қолдау көрсету, аймақтың іскер, әлеуметтік-белсенді әйелдерінің мәртебесін көтеру, қыз-келіншектердің кәсіпкерлік саласына қатысты бастамаларына қолдау көрсете отырып, экономикалық мүмкіндіктерін арттыру және тағы басқа қызметтер жатады.

2
3