Сыр елінде жазба ақындар мүшәйрасы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА .ҚазАқпарат-Қорқыттай  ұзан - абыздың   күйіне  күмбірлете  үн  қосқан, Сырдың  даңқын  жырмен шығарған қасиетті Қармақшы елінде Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 135 жылдық мерейтойы аясында облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті,  деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Мүшәйрада аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов, аудандық мәслихат хатшысы М.Наятұлы сөз сөйлеп, талапкерлерге сәттілік тіледі.

Қарт Қартаудан бастап айдынды Арал өңірінен қатысқан 14 ақынға Тұрмағамбеттауншы Кәрібозов Ерхан, айтыскер ақын Серік Ыдырысов, ақын-ұстаз Зарипа Тасымова, ақын, облыстық "Сыр дидары" газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің оқытушысы, айтыскер ақын Марат Сүгірбайлар қазылық етті.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде Қызылордалық Биболат Сәтжанға, І орын Тұрмағамбет ауылындағы №29 мектептің оқушысы Смайыл Бекқанатқа, ІІ-ІІІ орын қос қызылордалық Бекжан Ержігіт пен Ерасыл Бәйментаевқа бұйырды.

Сондай ақ Шайыр «Омар Шораяқұлы» атындағы арнайы жүлдені қызылордалық Ұлықбек Тәңірбергенов иеленсе, Ақын «Әлиакбар Жұматайұлы» атындағы арнайы жүлдені Аралдық Жақыпова Сәния қанжығасына байлады. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сый-сияпаттар табысталды.

1 2 

Соңғы жаңалықтар