Сыр өңірінде дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаржы тиімді пайдаланып отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 7-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысы әкімдігінде дағдарысқа қарсы шара­ларды жүзеге асыру үшін бөлінген бюджет қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау жөнін­дегі облыстық комиссияның отырысы өтті,

Сыр өңірінде дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаржы тиімді пайдаланып отыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста облыс әкімі Болатбек Қуандықов Мемлекет басшысының «Жол картасы» бағдар­ламасы аясында дағдарысқа қарсы республикалық және облыстық бюд­жеттен бөлінген қаржыларға қатаң бақылау жасалып отырғанын жеткізді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 5,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 3,2 млрд. теңге бөлін­ген. Қазіргі таңда аталған қаржының 5 млрд. теңгесі игерілді.