Сыр өңірінде құны 80 млрд. теңгеге жуықтайтын 12 инвестциялық жоба жүзеге асырылып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Биылғы жылы Сыр өңірінде индустриалды-инновациялық бағ­дар­лама аясында жалпы құны 80,8 млрд. теңгені құрайтын 12 инвес­тициялық жоба қолға алынып отыр,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үстіміздегі жылы облыста 24,7 млрд. теңгенің инвес­тициялық жобалары жүзеге асырылды. Соның есебінен бүгінгі күнге дейін 300 жаңа жұмыс орны ашылды. «Қазатомөнеркәсіп" АҚ Жаңақорған ауданынан «Қызылқұм» ЖШС солтүстік Хо­ра­сан және Хорасан-1 кеніштерін игеруді бастады. Сонымен қатар, «Мелиоратор» ЖШС темір-бетон және құрастырмалы бұйымдар шығаруды қолға алды. Тағы бір жобаны «Эко құрылыс маркетинг» ЖШС іске асырып, плита төсеніштері, каучук және қабырғаны қаптайтын материалдарды шығаруға көңіл бөлді. Сондай-ақ «Торғай-Петролеум» акционерлік қоғамы биыл жалпы құны 92 млн. АҚШ долларын құрайтын аса маңызды жоба - газ өңдеу зауытын салып, іске қосты. Маңызды жобаның тағы бірін кешегі шілде айында «Аралгаз» ЖШС жүзеге асырып, қала іргесінен сұйытылған газ сақтау терминалының алғашқы кезегін пайдалануға беруге 15 млн. АҚШ долларын жұмсады. Арал ауданында «Atameken Holdіng» қаржылық-өнеркәсіптік компаниясы Арал вагон шығару зауытын салуда. Оған компания 113 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқар­масының мәліметіне қарағанда, облыста биыл қолға алынған 12 инвестициялық жобаның басым бөлігі өндіріс пен құрылыс саласын өркендетуге бағытталған. Облыста «Автокөлік жолдары басқармасы» ЖШС мұнай қышқылы қондырғысы арқылы жолға арналған битум шығаратын өнідіріс орнын іске қосуды жоспарлап отырса, «БИС» ЖШС мұнай қалдықтарын өңдейтін шағын зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады. Сыр өңірінде осындай іргелі өзге де жобалар қолға алынып отыр.

Соңғы жаңалықтар