Сыр палуандары «Жас барыс» турнирінің жеңімпазы атанды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылордалық палуандар Қостанайда қазақ күресінен жастар, жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасында өткен «Жас барыс» республикалық турнирінде 1-орынды иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Жекелей есепте 38 келіде Теміржан Руслан, 55 келіде Бақдәулет Төлешов және Бекжан Төлепов, 66 келіде Наурызбек Мамыт пен Рахманберді Әбдірашит 73 келіде Асылжан Бақытжанұлы. жеңімпаз атанды.
Күміс жүлдені 46 келіде Дәулет Тұрғанов жеңіп алды.
Сонымен қатар қола жүлдені 51 келіде Ерасыл Зейноллаев, 60 келіде Арман Жалғасбекұлы, 64 келіде Абылайхан Жұбаназар, +73 келі: Еңбек Сақтағанов, +81 келіде Нұрберген Алдаберген иеленді.
Сондай-ақ, №1 облыстық олимпиадалық резерві мектебінің спортшысы Нұрбек Дариялов «Түйе палуан» сайысында қола жүлдені иеленді.
Спортшыларды жарысқа қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Берік Қасымбеков дайындады.