Сыраханалардың орнына енді қымызхананы көбейту керек ? халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов

АЛМАТЫ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық тағамдар мен сусындарды тұтынуда зиялы қауым жастарға үлгі көрсете алмай келе жатыр.
None
None
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділов бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қымызмұрындық» халықтық фестивалінде осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазаққа қымыздың пайдалы екенін айтып жату қазір артық. Оны өткен ғасырда ұмытып кеттік. Оның орнын сыра мен арақ басты. Қайта ес жиып етек жая бастаған соң ғана оны қалпына келтіруге тырысып жатырмыз. Әйтсе де зиялы қауым әлі күнге дейін ұлттық сусынды пайдалануда үлгі көрсете алмай келе жатыр», - дейді Қабдеш Жұмаділов. Қаламгердің пайымдауынша, бұған олардың құлдық санадан айыға алмауы түрткі болуда. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту үшін кең көлемде үгіт-насихат жұмысын жүргізу қажет. Астана, Алматы сияқты ірі қалалар мен барлық облыс орталықтарында сыраханалардың орнына енді қымызхананы көбейту керек.
Соңғы жаңалықтар