Сырдария ауданында қаржы бөлімінің ғимаратынан өрт шықты
АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек ауылында аудандық қаржы бөлімінің жеке тұрған ғимараты өртенді.
Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, таңертеңгі сағат 8:15-те шыққан өрт 40 минуттың ішінде сөндірілген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қызыл жалын шарпыған аумақ 390 шаршы метрді құрайды.
Өртті өшіруге ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 25 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.