«Сырдария кітапханасы» сериясымен 92 кітап жарыққа шықты

АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық кітапхана ғимаратында «Сырдария кітапханасы» сериясы бойынша шыққан 92 кітап «Сырдария кітапханасы – Сыр елінің жауһары» атты кітап көрмесінің аясында таныстырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұған дейін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қызылорда әкімшілігінің бастамасымен 200 томдықтың жарыққа шығуы қолға алынған болатын. Бүгінгі ұйымдастырылған көрме осы бастаманың алғашқы нәтижелері. Қалған 108 кітапты шығару жұмысы алдағы уақытта жалғасын таппақ.«Сырдария кітапханасы» сериясымен шыққан кітаптардың бастауы - «Қорқыт ата кітабын» белгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаев тәржімалаған. Сонымен қатар бүкіл шығыс халықтарының ортақ мұрасы болып саналатын Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани-Хикметінің» аудармасы 8 том болып жарық көрді. Ал «Мың бір түн» дастаны Қалтай Мұхамеджановтың аудармасымен шықты.Орта ғасырда өмір сүрген жазушы Насреддин Рабғұзидің «Қисас-ул-Әнбия» атты кітабы араб тілінен аударылып шығарылды, бұнда пайғамбарлардың өмірі мен бастан кешкен оқиғалары айтылады.Осы серияға Сыр сүлейлерінің, ақын-жырауларының өсиеттері, толғаулары, пәлсапалық мәнді назымдары, арнаулары, жыр-дастандары кірген. Сондай-ақ, «Сырдария кітапханасы» сериясының ішінде Әбділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағамбетов, Зейнолла Шүкіров секілді кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің көрнекті ақындарының кітаптары ерекше орын алады.Кітаптардың тұсаукесер рәсіміне белгілі жазушы О. Сәрсенбаев пен ақын Ш. Сариев арнайы қатысып, өздерінің жарық көрген кітаптары жайында ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл кітаптар ҚР Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартылды.
Соңғы жаңалықтар