Сырдария облысында өзбек және қазақ жастарының «Сайхун» фестивалі өтіп жатыр

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат - Өзбекстандағы Сырдария облысында Өзбекстан және Қазақстан жастарының қатысуында «Сайхун» фестивалі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Фестивальға қатысушылар түркі жұртының ұлы ақыны хәм шығыстың ойшыл данышпаны Әлішер Науаи мүсініне гүл шоқтарын қойды. Облыстық музыкалық драма театрының фойесінде өзбек-қазақ халықтарының тарихы мен құндылықтары туралы тұсаукесер өтіп, ол «Достық көпірі» атты концерттік бағдарламамен жалғасты.

Осы шарадан соң облыс әкімі Гафуржон Мирзаев қазақстандық қонақтармен кездесу өткізіп, өңірде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар, көршілес елдермен барлық салада байланысты нығайту шаралары, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастары туралы мәлімет берді.

Кездесу барысында жас өнерпаздар екі халықтың шығармашылығынан жыр мүшәйрасын ұйымдастырып, достық сайыс өткізді.

Жүздесу соңында қазақстандық қонақтарға «Достық» форумының мүсіні мен естелік сыйлықтары табыс етілді.



Соңғы жаңалықтар
telegram