Сырдария өзенінде шомылу кезінде екі оқушы суға кетті

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылордадағы Сырдария өзенінде екі оқушы батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сырдария өзенінде шомылу кезінде екі оқушы суға кетті

«Сырдария өзенінде шомылу кезінде жеті және сегіз жастағы екі бала батып кетті», - делінген дерек көзі таратқан ақпаратта.

Батып кеткен балалардың денелері Қызылорда облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің төрт адамы мен бір техникасының көмегімен жағаға шығарылды.