Сырдария өзеніне шомылу кезінде 13 жасар жеткіншек суға батып кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Жұма, 13 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзеніне шомылу кезінде 13 жасар жеткіншек суға батып кетті,

Сырдария өзеніне шомылу кезінде 13 жасар жеткіншек суға батып кетті - ҚР ТЖМ

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрілігі хабарлап отырғандай, қайғылы оқиға Сарыағаш ауданындағы Көкбұлақ елді мекенінде күндізгі уақытта болды. Кешке қарай ҚР ТЖМ судан құтқару қызметінің күшімен баланың денесі судан шығарылды.