Сырдарияда, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяу күндері, 1-5 қаңтарда Сырдария өзенінде, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде су деңгейі көтеріледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Республиканың оңтүстігінде таудың төменгі өзендерінде жауын-шашын орын алуына байланысты су деңгейі ұлғаюы ықтимал. Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық аймақтарында қысқы режім сақталады.