Сырдарияда сең жүріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сырдария өзеніндегі мұз Қызылорда қаласы аумағынан өтуде. Облыс орталығын су тасқынынан сақтау үшін мамандар кезекшілік ұйымдастырып, құтқарушылар күшейтілген кесте бойынша жұмыс жасауға көшті. Дәл қазіргі уақытта мұз қаладағы «Арай» мөлтек ауданының жанына жеткен. Мұздың жылдам жүруіне ауа райының қолайсыздығы мен жауын - шашын кедергі келтіріп жатыр.

Сырдарияда сең жүріп жатыр

«Қазір күннің жылы болуына байланысты мұз еріп жатыр. Қалыңдығы 15-20 сантиметр. Бірақ нақты айту мүмкін болмай тұр. Әзірге, оқыс оқиға орын алған жоқ. Мамандар жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Қажетті техникалардан тапшылық жоқ», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Фото: dvnovosti.ru