Сырдарияда су деңгейі көтерілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілді. Қазірде су басу қаупінің алдын алу мақсатында ПМК-29 аумағын бекіту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Кеше өзен арнасындағы мұз кептелістері салдарынан су деңгейі көтеріліп,           Сырдария өзенінің ескі арнасы толып, ПМК-29 саяжайының ішкі каналына көп мөлшерде су ағуынан тұрғын жайдың ауласына су жайылған.

Жалпы, ПМК-29 саяжайы өзен арнасындағы су деңгейі жоғарылау кезінде су жайылатын аймақ болғандықтан тұрғындарға алдын ала ескертпе хаттар таратылған.

Саяжайда барлығы 36 тұрақжай бар. Оның ішінде адамдардың қысы-жазы тұрақты тұрып жатқаны - 2 отбасы.

«Осыған байланысты бекітілген жауапты мекемелердің арнайы техникаларын (6 жүк көлігі, 1 трактор, 1 экскаватор) жұмылдыра отырып, су жайылудың алдын-алу мақсатында топырақпен бекіту жұмыстары жүргізілуде. Саяжайды су басу қаупі туындаған жағдайда алдын алуға жұмылдырылатын барлық күштер мен құралдар дайын», - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.

Соңғы жаңалықтар