Сырдарияға батып кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сырдарияға батып кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылды

Сырдарияға шомылуға барып, батып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Әзірге 11 адамның 8-інің денесі табылды. Олардың төртеуі 16 жасқа дейінгі балалар болса, қалған төртеуі - ересектер. Іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі - жасөспірімдер.

«Сағат 21:00-де жағадан 30 метр қашықтықта бір адамды таптық. 22:50 тағы бір адамның денесі жағадан 6 метр қашықтықтан табылды. Оқиға орын алған аумақтан 100 метр жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда», - делінген Түркістан облысы ТЖД-нің ақпаратында.

Еске салайық, оқиға бүгін Отырар ауданында болды. Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында 11 адам суға түсуге арналмаған жерде шомылып, батып кетті. Барлығы 4 ағайынды отбасының мүшелері.

Бұған дейін 6 адамның денесі табылғаны туралы хабарланған болатын.