«Сырғалым» хикаясының DVD-басылымы жарық көрді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Меломан» дүкенінің үлкен залында жаппай сатуға арналған «Сырғалым» сериалының ресми DVD-басылымының тұсаукесері өтті.
«Сырғалым» телехикаясын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Көркем фильм» кинокомпаниясы түсірген.
«Сырғалым» телехикаясы «Қазақстан» телеарнасының эфирінен алғаш рет 2014 жылы көрсетілді. Хикая қысқа мерзім ішінде миллионнан астам көрермен жинап, республика тарихындағы сапасы жоғары телеөнімдердің қатарына қосылды. Қазақ тілінде түсірілген хикая жоғары рейтингті шетел теленовеллалары мен бағдарламаларына бәсекелес бола алды», - деді қоюшы-режиссер Рашид Сүлейменов.
«Сырғалым» хикаясы «Жыл таңдауы» конкурсында «2014 жылдың үздік сериалы» атағын алса, бас рөлді сомдаған Жұлдыз Маханова «2014 жылдың Үздік актрисасы» атанды.