Сырғанақтан құлап, омыртқасы сынған бала жансақтау бөліміне түсті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шортанды ауданында биік сырғанақтан құлаған ойын баласы мертігіп, аурхана түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сырғанақтан құлап, омыртқасы сынған бала жансақтау бөліміне түсті

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқыс оқиға Новокубанка ауылында болған. Қар төмпешіктен сырғанап жүрген 7 жасар ұл бала абайсызда ауыр жарақат алып, аудандық ауруханасына жатқызылған. Кейін санавиациямен Ақмола облыстық балалар аурханасына жеткізілді. Қазіргі кезде, дәрігерлер баланың жағдайы ауыр, тұрақты деп отыр.

«Бала бас миына қатты соққы алған. Оған қоса, үшінші мойын омыртқасы сынған және денесінің бірнеше жерінен жарақат алған деген диагноз қойылды. Қазіргі кезде, баланың мойнына шанс жағасы мен шина қойылды. Облыстық аурхана дәрігерлері науқастың жағдайын ауыр, тұрақты деп бағалап отыр», - делінген баспасөз хабарламасында.