Сырқатынан айыққан Хилари Клинтон жұмысқа қайта кірісті
АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Сырқатынан айыққан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон дүйсенбі күні жұмысқа шықпақ.
Бұл туралы Ресей Жаңалықтар агенттігі хабарлады.
«Мемлекеттік хатшы өзінің орынбасарларымен мемлекеттік департаментте кездесулер өткізеді. Олар жергілікті уақыт бойынша 09.15-те басталады», - делінген мемдепартаменттің таратқан хабарламасында.
2012 жылдың желтоқсан айында Клинтон естен тану нәтижесінде бас сүйегінің аумағында пайда болған тромбқа байланысты ауруханаға жатқызылған болатын. Медиктер ұйыған қанды қауіпсіз және ол инсультке немесе өзге де неврологиялық ақауларға алып келмейді деп шешті. Клинтонға қанды сұйылтатын арнайы дәрілер берілді. Өз үйінде және аурухана бөлмесінде жұмыс істеп келген мемлекеттік хатшы өткен аптада үйіне жіберілді.