Сыртқы істер министрі азаматтарды қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді азаматтарды жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке қабылдау ҚР Сыртқы істер министрлігінде өтті. Әсіресе, министр қабылдауына сыртқы саясат саласында жұмыс істеген азаматтар келді. Олар Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа орналасу, Сыртқы саяси зерттеулер институтымен ынтымақтастық орнату мәселелерімен жүгінді.

Айта кетейік, жақында ҚР Сыртқы істер министрлігі жанынан Сыртқы саяси зерттеулер институты құрылған болатын.

Министр Мұхтар Тілеуберді кездесуге келушілердің өтінішін тыңдап, олардың мәселелерін шешу туралы сәйкес органдарға тапсырма берді.

Еске сала кетсек, 2019 жылғы 21 қарашада Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында республика бойынша «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді. Шара аясында қала әкімі, қала әкімі орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар
telegram