Сыртқы істер министрлігі Кенесары ханның басын іздеу туралы: Басқа да мәселелер толып жатыр

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Кенесары басын іздеу жұмыстары жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Апталық брифингте тілшілер ресми өкілге «Сыртқы істер министрлігі Кенесарының басын іздеу бойынша шара қабылдай ма?» деген сұрақ қойылды.

«Мұндай мәселелермен тарихшылар, тар ауқымдағы мамандар айналысуы керек. Әйтсе де дипломатиялық арналар арқылы бізге де салалық ведомстволардан сұрақтар келіп түседі. Тиісінше, біз оларды ресейлік тарапқа жібереміз. Кейбір ресейлік тарап бұл бас мүлдем жоқ деп те айтып жүр. Меніңше, тарихшылар бұл мәселемен айналысып, анығын айтуы керек», - деп жауап берді А. Смадияров.

Сонымен бірге, тілшілер «Кенесары басын қайтару мәселесі саяси жоғары деңгейде тұрған жоқ па?» деп сұрады.

«Білесіздер ме, бізде басқа да мәселелер толып жатыр. Жұмыс істеу керек», - деді Айбек Смадияров.

Осыған дейін Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Өзбекстанға ресми сапармен баратыны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар
telegram