Сыртқы істер министрлігі Таиландта Қазақстан азаматының қаза болғанын растады
«Ия, қазанның 1-іне қараған түні Паттайя жағажайында Қазақстан азаматының өлі денесі табылды», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдрахманов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Ол 42 жастағы Ермек Әлжанов деген азамат болып шыққан. Қазір Қазақстанның Таиландтағы консулдығы осы мәселемен айналысуда, деп хабарлады ведомстводан.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шамамен түнгі сағат 3.30-да полицияға жағажайда шетелдік азаматтың денесі табылғаны туралы хабар түскен.
«Оқиға орнына келген полицейлер жағаға шығарылған шетелдік азаматтың денесін көрген. Оның үстінде тек қысқа шалбар мен жеңіл аяқ киімі ғана болған. Сарапшылар, оның 3-5 сағат бұрын қайтыс болғаны туралы түйін жасады», деп жазады Pattaya Daily News.
Және марқұмның қалтасынан осы маңда орналасқан «Би-Бич» қонақүйінің карточкасы табылған. Жүргізілген алдын-ала тексерудің барысында, әлгі азаматтың зәкірде тұрған қайықтың сымына оралып қалу ықтималдығы туралы пайымдау жасалып отыр.
«Ди-Бич» қонақүйінің қызметкерлері, оның Қазақстан азаматы Ермек Әлжанов екенін және оларда қыркүйектің 10-ынан бері тұрып жатқанын қуаттады. Бастапқыда қыркүйектің 28-іне қайтатын болған ол, кейіннен тағы біразға қалатын болып шешкен. Қызметкерлер оның бейсенбі күні кешкі сағат 19.00-да шомылуға кетіп бара жатқанын көрген.
Полиция, Е.Әлжановтың өліміне теңіздегі қатты толқу себеп болуы мүмкін екенін айтуда, содан кейін барып өлі дене жағалауда зәкірде тұрған қайықтың сымтеміріне барып оралып қалуы мүмкін.
«Қазақстан елшілігі Әлжанов мырзаның қазасы туралы хабардар етілді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы алынғаннан кейін тексеру амалдары жалғастырылады», деп жазады таиландтық басылым.