14:02, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы баяндаманың халықаралық таныстырылымы өтті
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Бүгін Сыртқы істер министрлігінде Адам құқықтары жөніндегі комиссия дайындаған «2009 жылы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндаманың тұсаукесері болып өтті.
«Баяндаманы Мемлекет Басшысы мақұлдаған және сарапшылардың оң бағасын алды. Баяндамада құқық қорғау тетіктерін халықаралық стандарттарға сәйкес әрі қарай жетілдіру жөніндегі нақты қадамдар қарастырылған», - деп атап көрсетті ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсынов өз сөзінде.
Баяндама Ұлыбританияның Қазақстандағы және Қырғызстандағы Елшілігінің, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы орталығының техникалық жәрдемімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеке таралыммен кітап ретінде басылып шықты. «Көрсеткен қолдаулары үшін шетелдік серіктестерімізге алғыс білдіреміз», деді С.Тұрсынов.