Сыртқы істер министрлігінде ҮЕҰ үшін диалог алаңы ұйымдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат ‑ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Консультативтік-кеңестік органның (ККО) «Адами өлшем бойынша диалог алаңы» кезекті пленарлық мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Азаматтық сектор және мемлекеттік органдар өкілдері ашық әрі тақырыптық  келіссөздер жүргізуге және өзара ынтымақтастыққа әзірлігін кезекті рет қуаттады.

null 

Шара барысында Қазақстанның БҰҰ аясындағы мемлекеттік міндеттемелерінің халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелері талқыланды.

null 

Сонымен қатар БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің адам құқығы туралы екінші Әмбебап мерзімдік шолу баяндамасы аясындағы ұсыныстарының жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қазақстанның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық шартты орындауына қатысты кезекті мерзімдік баяндамасынының әзірленуі талқыланды.

null 

Бұдан бөлек, қатысушылар заң жобаларын дайындау барысындағы үкіметтік емес сектордың Қазақстан Парламентімен өзара іс-қимылдарын қарастырды.

null 

Соңғы жаңалықтар