Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Еуропалық Одақ өкілдерімен кездеседі

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ертең еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Астанада Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Норман Жустенмен кездеседі,

 Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Еуропалық Одақ өкілдерімен кездеседі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаевтың жетекшілігімен өтетін жүздесу «Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асыру бағдарламасының аясында өтпек. Онда министрлік өкілдері сондай-ақ Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің жетекшілерімен кездеседі деп күтілуде.