Сыртқы келеңсіз факторлардың әсеріне қарамастан, әлеуметтік-экономикалық дамудың оң үрдісі сақталып отыр - С. Ахметов

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі биылғы 9 айда 3 трлн. теңгеден асты.
None
None

 Бұл туралы бүгін биылғы 9 айдағы әлеуметтік экономикалық дамудың және бюджеттің орындалуының қорытындылануына арналған Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлім етті.

 «Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2012 жылдың 9 айында 3,5 трлн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,3 пайызға өсті» - деді С. Ахметов.

 Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, инфляция деңгейін айқындайтын тұтынушылық бағалар индексі өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда биылғы қыркүйекте 103,9 пайызды құрады.

 «Елдің әлеуметтік экономикалық даму параметрлерінің қалыптасқан серпіні жыл аяғына дейін сақталады деуге негіз бар», - деді Премьер-Министр.

 «Бүгін біз ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік экономикалық даму мен бюджеттің орындалуын қорытындылап отырмыз. Аталған кезең аралығында сыртқы келеңсіз факторлардың әсеріне қарамастан, әлеуметтік-экономикалық дамудың оң үрдісі сақталып отыр», - деп түйіндеді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар