Сыртқы сауда айналымы 34,1 пайызға өсті - Статистика

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 30878,7  млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 34,1% өсті.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Оның ішінде экспорт - 21878,6  млн. АҚШ долларын (32,3% өсті), импорт -  9000,1 млн. АҚШ долларын құрады (38,7% өсті).

Агенттік басшысының айтуынша, есепті кезеңде бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 1235,5 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 11,8% өскен. Ал көтерме сауда көлемі 2964 млрд. теңгеге жетіп, 2011 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 15,5%-ға артқан. 2012 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының көлемі  2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 16,7% өсті.

Соңғы жаңалықтар