Сырттан әкелінетін көліктерге еуростандартты енгізуге байланысты барлық алғышарттар жасалды ? Индустрия және сауда министрлігі
АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Елімізде сырттан тасымалданатын көліктерге еуростандарттарды енгізуге байланысты барлық алғышарттар жасалған»,
деді бүгін Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің сарапшысы Қайнар Тайжанов аталмыш мәселеге байланысты журналистермен болған баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күні аталмыш талаптарды енгізу үшін 67-ден астам сынақ зертханалары мен көлік тұрақтайтын орындар бар. Онда еуростандарттарына байланысты сынақтан өткізілуі тиіс барлық шаралар жүзеге асырылады. «Сонымен қатар, тағы 85 сынақ зертханасы мен 49 тұрақ көліктерге пайдаланылатын отынның сапасын тексерумен айналысады. Олар қазір өз міндеттеріне кірісуге толық дайын», деді сарапшы.