Сырттан қарыз алу айтарлықтай азайды – Жоғары аудиторлық палата
«Қаражат тапшылығын сыртқы қарыз алу арқылы қаржыландыру деңгейі қысқарды. Яғни оның 17 есеге қысқаруы – жақсы үрдіс. Өйткені біз бірнеше жылдан бері сыртқы қарыз алуымыздың өсіп жатқанын, валюталық тәуекелдердің барын айтып келеміз», - деді Н. Годунова.
Оның айтуынша, мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде тұр.
«2030 жылға қарай шекті деңгей – 32%. Бұл ретте ол жалпы ішкі өнімге шаққанда 24,6 пайыз көлемінде қалыптасты. Республикалық бюджеттің барлық кірісінің 25% және шығыстарының 16% немесе 2,9 трлн теңге қарыздарды өтеуге әрі оларға қызмет көрсетуге жұмсалды. Енді барлық табыстың 25 пайызы туралы айтатын болсақ, бұл әлі де көп деп есептейміз. 2030 жылға қарай үкіметтік қарыздың өсу қаупі бар. Бізде аталған мерзімге ЖІӨ-ге шаққанда 27% деңгейінде шектеу бар. Сарапшылар қарыз 49% дейін өсуі мүмкін екенін айтып отыр», - деді Н. Годунова.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл наурыз айында Қаржы министрі мемлекеттік қарызға қатысты пікір білдірді.