Сырықпен секіруден 15 ақпанда жасалған әлемдік рекорд енді ғана мойындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - World Athletics сырықпен секіруші Арманд Дюплантис пен жартылай марафоншы Абабель Йешаненің әлемдік рекордын ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Сырықпен секіруден 15 ақпанда жасалған әлемдік рекорд енді ғана мойындалды

15 ақпан күні Глазгода (Шотландия) өткен Бүкіләлемдік жеңіл атлетика турында швециялық Арманд Дюпантис 6,18 метрді бағындырған болатын.

Ал эфиопиялық Абабель Йешане 21 ақпан күні Рас-эль-Хайма жартылай марафонында 1:04:31 уақыт көрсеткішімен әлемдік рекордқа түзету енгізді. Әлемдік ұйым аталған атлеттердің рекордын ресми түрде мойындады.