17:10, 28 Қаңтар 2023 | GMT +5
Сыйлыққа көлік ұттыңыз: астаналықтарды алдаған алаяқтар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 23 және 24 жастағы екі күдіктіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Ер адамдар интернет-дүкеннің тұтынушылар базасына қол жеткізген. Сөйтіп, тұтынушыларға телефон соғып, өздерін дүкен қызметкері ретінде таныстырады да, автокөлік ұтып алғандарын хабарлайды. Бірақ, «жүлдені алу үшін тіркеу, кедендік рәсімдеу және техникалық тексеруден өту үшін белгілі бір соманы төлеу керек» деп алдаған.
Зардап шеккендер 500 мыңнан 14 миллион теңгеге дейінгі қаражат жіберген. Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауда отыр. Олар интернет-алаяқтықтың 16 фактісі бойынша күдікке ілінді. Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабының 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, олардың елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.
Видеодан алынған кадр