Т. Айбергенов шығармашы­лығына арналған «Бір тойым бар» аталатын ән байқауы өткізіледі

АСТАНА. 22 маусым. Қазақпарат - Сазгерлер арасындағы бұл байқау Т.Айбергенов өлеңдеріне жазылған әндер мен  ақынға арнап жазылған арнау әндер аталымдары бойынша өткізіледі.

Т. Айбергенов шығармашы­лығына арналған «Бір тойым бар»  аталатын ән байқауы өткізіледі

«Алаш айнасы» газетінің жазуынша, ән байқауына кәсіпқой және әуесқой сазгер­лер  қатыса алады. Олар­дың жас мөлшері шектелмейді. Ұсыны­латын әндер бұрын-соңды орындал­маған және жарияланба­ған жаңа шығарма болуы тиіс. Әндер кез келген жанрда қабылданады. Авторлар екі аталымға да бір немесе бірнеше шығар­ма жіберуіне болады. Үміткер өз туын­ды­сын   CD + (дауыспен), CD - (дауыс­сыз) жазыл­ған түрін, бұған қоса екі дана әннің нота­сын, екі дана мәтінін (басылымын көрсетіп) 15 тамызға дейін «Айбергенов әлемі» журналының ре­дак­­ция­сына жолдауы керек. Жеңім­паз атан­ған шығармалардың орын­даушы­лары туындыларын Т.Айбер­геновтің 75 жылды­ғына арналған «Бір тойым бар» деген шарада орындай­ды.

Онда бірінші аталым бойынша бас жүл­­деге - 500 мың,  бірінші орынға - 300 мың,  екінші орынға - 200 мың, үшінші орынға - 100 мың теңге. Екінші аталым бойынша бірінші орынға - 300 мың, екін­ші  орынға - 200 мың, үшінші  орынға 100 мың теңге жүлде тағайын­да­­лып отыр.

Ұйымдастырушылар сондай-ақ  Т.Ай­бер­генов өлеңдерін мәнерлеп оқу бойын­ша да мектеп оқушылары ара­сын­да бай­қау жариялап отыр.   Онда бірін­ші орынға - ноутбук, екінші  орын­ға - теледидар, үшін­ші орынға - ұялы телефон және ынталан­дыру жүлдесіне DVD, MP3-player, флешка тағы басқа сыйлықтар берілмек.