Т.Баймұханов ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Баймұханов Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, әр жылдары Т.Баймұханов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, ҚР Қауіпсіздік кеңесінде, Қазақстан Премьер-министрінің кеңсесінде және жоғарғы оқу орындары жүйесінде жұмыс істеген. Экономикалық ғылымдардың докторы.