Т.Бекмамбетов «Елки» фильмінің ремейкін АҚШ-та шығаруды көздеп отыр
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Елки» фильмінің ремейкін АҚШ-та шығару жоспарланып отыр», - деді бүгін баспасөз мәслихатында Экшн-фильмдердің «ASTANA» халықаралық фестивалінің президенті, режиссер Тимур Бекмамбетов.
«Өткен жылы Жаңа жыл қарсаңында «Базелевс» компаниясы шығарған және менің ойымша, көрермендердің ықыласына бөленген - «Елки» фильмінің жалғасы қазір өндіріс үстінде. «Елки-2012» аталатын фильм экранға үстіміздегі жылдың желтоқсан айында шығатын болады», - деп атап өтті журналистердің сұрағына жауап берген Т.Бекмамбетов
«Ремейктерге қатысты айтатын болсам, аталмыш фильмнің ремейкі Америкада жоспарлануда. Бізде сондай жоспарлар бар. Қазір Америкадағы «Елки» фильмін аудару және серіктестерді іздеу процестері жүріп жатыр», - деп толықтырды ол.
Сондай-ақ, продюсер атап көрсеткендей, «Черная молния» фильмінің америкалық нұсқасын шығару жоспарлануда. «Черная молния» - әлі «өлген жоқ». Ол, біздің фильмнің америкалық нұсқасын әзірлеп жатқан «Юниверсал» компаниясында жатыр», - деді ол.