Т. Бекмамбетов Рим кинофестивалінің қазылар алқасы құрамына кірді
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Белгілі режиссер, сценарист әрі продюсер Тимур Бекмамбетов Рим кинофестивалінің әділ қазылар алқасы құрамына кірді, деп хабарлады РИА Новости.
Бекмамбетовтен басқа қазылар алқасының құрамына ирандық актриса Лейла Хатами, Эдинбург халықаралық кинофестивалінің көркемдік жетекшісі Крис Фудживара, аргентиналық жазушы әрі сценарист Эдгардо Козаринский, австралиялық режиссер П.Дж.Хоган, сондай-ақ итальяндық актриса Валентина Черви кіреді. Жас американдық режиссер Джефф Николс қазылар алқасының төрағасы болады.
Жетінші Рим кинофестивалі9-17 қараша аралығында "Аудиториум" киноконцерт кешенінде және Италия астанасының басқа да мәдени орындарында өтеді. Негізгі конкурсқа 15 картина қатысады.