Т. Дүйсенова ХҚКО-ларда медициналық анықтама алудың мүмкіндігін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Тамара Дүйсенова жұмысқа тұру кезінде қажетті медициналық анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталығынан алудың мүмкіндігін түсіндіріп берді.
None
None

«Емханалардағы жасанды кезекті азайту мақсатында тұрғындарды профилактикалық тексеру тәртіптерін жеңілдету үшін тексеруден өтудің жаңа кестесі енгізіледі. Міндетті профилактикалық тексеруден өту үшін (жұмысқа тұру немесе оқуға барар кездегі және басқа да тексерулер) азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, дәрігерге жазыла алады. Сонымен қатар ХҚКО-да профилактикалық тексерудің қорытындысын немесе медициналық тексеруден өткендігі туралы анықтаманы алуға мүмкін болады», - деді министр.

Бұл шаралар тұрғындарға ХҚКО-ларда осындай қызметтерді алу үшін балама жеңілдіктер болмақ. Осы тәртіпке көшу медициналық ұйымдардағы ақпараттық жүйелердің әзірлігін ескере отырып, кезең-кезеңімен «Қабылданған шаралар нәтижесінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы кезекті азайтуға, бағдарлы мамандардың жүктемесін жеңілдетуге, пациенттердің медициналық анықтама алу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», - деді Тамара Дүйсенова.

Жыл сайын республика бойынша прфилактикалық медициналық тексерумен қамту 7,8 млн-нан астам адамды құрайды, оның ішінде 4,5 млн.-нан астамы әйелдер және 3,3 млн-ы - ер адамдар.

Соңғы жаңалықтар