Т.Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
***
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.