11:14, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Т. Дүйсенова ұжымға комитеттердің жаңа төрағаларын таныстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі Министрлікте өткен аппараттық кеңес барысында министр Тамара Дүйсенова ұжымға комитеттер төрағалары:

- Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Әділұлы Сарбасовты; - Медициналық және фармацевтік қызметті бақылау комитетінің төрағасы Назарбек Есіркепұлы Бейсенді;
- Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің төрағасы Алмас Мұхамедкәрімұлы Құрмановты таныстырғанын хабарлады.
Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Өкімімен бірінші вице-министр қызметіне Салидат Қайырбекова, жауапты хатшы қызметіне Аида Құрманғалиева, вице-министрлер болып Дәулет Арғандықов, Светлана Жақыпова, Серікбол Мусинов тағайындалған болатын.