Т. Дүйсенова «ZB PAIN RELIEF» ортопедиялық жабыстырғышты қимыл-тірек аппаратын емдеу мақсатында қолдану үшін ұсынатыны туралы интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Т. Дүйсенова «ZB PAIN RELIEF» ортопедиялық жабыстырғышты қимыл-тірек аппаратын емдеу мақсатында қолдану үшін ұсынатыны туралы интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Сейітқазы Матаевтың авторлығымен тірек-қимыл аппаратын тиімді емдеуге арналған «ZB PAIN RELIEF» ортопедиялық жабыстырғышы туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсеновамен сұхбат түрінде берілген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат Google.com дүниежүзілік іздеу серверіндегі вирустық жарнама баннерлері, сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылуда.

Аталған ақпараттағы дереккөз белгісіз болғандықтан, ол шындыққа сай келмейді.

Соңғы 1,5 жылда Сейітқазы Матаев Тамара Дүйсеновадан сұхбат алған жоқ. 

Сұхбатта жарнамаланған Қазақстанда тіркелмеген, сонымен қатар, емханалық тиімділігі дәлелденбеген «ZB PAIN RELIEF» ортопедиялық жабыстырғышы емханалық тиімділігі дәлелденген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізіміне кірмейтіндіктен, оны ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұсына алмайды.  

Емханалық тиімділігі дәлелденген барлық дәрі-дәрмектер Қазақстанның ұлттық дәрілік формулярына енгізілген, оны  www.knf.kz сілтемесі арқылы көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.mzsr.gov.kz  ресми сайтында жарияланады. 

 

Соңғы жаңалықтар